19 декабря 2024


НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШҚУда Өскемен қалалық прокуратура бөлімінің прокурорлары Альмира Төлеуханова және Азамат Сулейменовтың қатысуымен студенттермен ақпараттық кездесуі өтті.

Шара барысында жоғары оқу орнының қонақтары құқық қорғау және арнайы органдардың белгілі бір жұмысын атап өтіп, Қала прокуроры қоғамды нашақорлыққа қарсы күреске белсенді тарту, халық арасында, әсіресе оқушылар мен жастар арасында «есірткіге қарсы мәдениетті» қалыптастыру, сондай-ақ синтетикалық есірткіге қарсы күресте жаңа әдістерді енгізу қажеттігіне ерекше назар аудару керек деп атап өтті.

Айта кетейік, қала аумағында синтетиканың бақылаусыз және еркін таралуына қарсы іс-қимылдың жаңа тетігі ретінде Қала прокуратурасы полиция департаментімен бірлесіп азаматтардың  хабарланған ақпараттары расталса ақшалай көтермелеу жүйесін пайдаланатын «Есірткіге СТОП!» жобасын жүзеге асыруда.