23 декабря 2024


«ҚОЛ ҚИМЫЛЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ ДАКТИЛЬДІ СӨЙЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасына шақырылған дәріскер-қонақ Айкүн Аянбаева «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының білімгерлеріне «Қол қимылы арқылы және дактильді сөйлеу» атты тақырыбында 6 сағат көлемінде дәріс оқып, «Дәріс қонағы» атты университет ішілік шараға қатысты.

Дәріс соңында «Дәріс қонағы» атты университет ішілік шараға қатысып, «Нашар еститін және КИ бар балалармен қол қимылы және дактильді сөйлеу» тақырыбында дәріс оқығаны үшін Айкүн Аянбаеваға ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің атынан Алғыс хат табысталды.