24 декабря 2024


САМАР АУДАНЫНДА ІС-ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЛАҢЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Слямбек Оразалиннің бастамасымен Қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасының оқытушылары Самар ауданында «Сабақты зерттеу  —  мұғалім тәжірибесіндегі білімді  жетілдіруге бағытталған, мектепте жүргізілетін іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі»  атты магнитті мектептермен өткізілетін іс-тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырды.

Ж.Болғанбаев ат. Самар мектеп-лицейі» КММ, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ, «А.Молдагулова орта мектебі» КММ, «Сарыбел орта мектебі» КММ, «Абай орта мектебі» КММ, «№1 Самар орта мектебі» КММ, «Амангелді  орта мектебі» КММ,  «Мектеп-бөбекжай балабақша кешені» КММ, «Жамбыл орта мектебі» КММ, «Мариногорка орта мектебі» КММ мұғалімдеріне «Бағалау мен кері байланыс: оқушыны қолдау құралы» тақырыбында коучинг өткізіп, қатысушыларға сертификат берілді.

Аталмыш мектептердің түлектеріне, әр мектептің профорентолог-мұғалімдеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Таңдау жаса!» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.  Аманжолов университетінде оқып жүрген Самар ауданының түлектерінің ата-аналары мен мектеп ұжымына университет ректорының алғыс хаты табысталды.