25 декабря 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Amanzholov University-де Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор сайланып, 2024 жылға қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның қызмет ақысы бекітілді. Сондай-ақ, 2025 жылға арналған Директорлар кеңесінің, Ішкі аудит қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмыс жоспарлары қаралып, мақұлданды.