26 декабря 2024


БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ: «ҰТЫМДЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ»

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптама институты арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында «ұтымды көшбасшылық және қызметкерлерді басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Бағдарламаға «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» РМҚК филиалының басшылары мен орынбасарлары қатысты. Курсты психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Юлия Кукина мен «психология» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Дмитрия Потешкин жүргізді.

Курстың мақсаты – кәсібилікті және басқару құзыреттіліктерін жетілдіру және көшбасшылық қабілеттерді дамыту.