8 января 2025


АШТЫҚТЫ ЖОЮ: ШҚУ-ДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ ҮЙЛЕСІМІ

Аштықты жою – БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатының бірі. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бұл мақсатқа бірнеше бағыт арқылы үлес қосуда. Атап айтқанда, мамандарды дайындау саласында. Алма-матер бірнеше жылдан бері «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді оқытып келеді. Бұл бағдарлама тамақ өнімдерін өндіруге бағытталған. Университет түлектері шикізатты өңдеу кәсіпорындарында шебер, технолог, элеваторлар мен диірмендерде, құрама жем, макарон фабрикаларында, жарма және нан зауыттарында, кондитерлік фабрикаларда маман ретінде табысты жұмыс істеп жүр.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ аштықты жою мәселесіне ғылыми тұрғыдан да қарауда. Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми зертханасында бірнеше жыл бойы биолог-ғалымдар  картоптың элиталық сорттарын жинап, өсірумен айналысып келеді. Бүгінгі таңда топтама «екінші нанның» 100-ден астам түрі бар. Мысалы, Таврия, Изольда, Магистр, Восточный-1, Шакирд сияқты сорттар. Барлық картоп сорттары тек «сау» зертханалық жағдайда сақталған, сондықтан олар өте пайдалы және генетикалық модификациясыз.

– Сорттық сынақтарды өткізу нәтижесінде біздің материал Қазақстанда қолдануға ұсынылған сорттардың Мемлекеттік тізіміне енгізілді, – деп атап өтті университеттің ғылыми қызметкері Валентина Николаева.

Осылайша, ШҚУ аштықты жою мақсатына айтарлықтай үлес қосып, жаңа буын мамандарды оқытып, ғылыми зерттеулер жүргізіп және инновацияларды енгізуде.