8 января 2025


“Физиканы оқыту мен ғылыми зерттеу жұмыстарының интеграциясы арқылы ғылыми ойлауды дамыту” атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.

8 қаңтар күні Физика және технологиялар кафедрасында оқытушылардың жобалар жасау қызметі бойынша “Физиканы оқыту мен ғылыми зерттеу жұмыстарының интеграциясы арқылы ғылыми ойлауды дамыту” атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқу үдерісінің мазмұнын байыту және пәндер арасындағы байланысты қалыптастыру арқылы олардың болашақ мамандықты таңдаудағы ғылыми көзқарасын дамыту.

Кәсіптік бағдар беру барысында ғылыми зерттеу жұмыстарының пәнаралық байланыстарды тиімді ұйымдастырудағы артықшылықтары мен қиындықтары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, физика және технология сабақтарын кіріктіру арқылы ғылыми ойлауды қалыптастыру жолдары мен тәсілдері талқыланды. Кафедра оқытушылары өздерінің педагогикалық және эксперименттік жұмыстарынан мысалдар келтіріп, оқушыларға зерттеу әдістерін тәжірибе арқылы көрсету мүмкіндігін ұсынды.

Іс-шара барысында Физика және технологиялар кафедрасында оқытылатын мамандықтар, олардың ерекшеліктері мен еңбек нарығындағы сұранысы туралы ақпарат берілді. Қатысушылар кафедра мамандықтарына қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара мектеп оқушыларына болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беріп, құнды ақпараттар алуға мүмкіндік берді.