8 января 2025


ШҚУ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуі үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ климаттың өзгеруіне қарсы күрес жұмыстарын тұрақты түрде атқарып келеді.

Климаттың өзгеруі еліміздегі жауын-шашынның жиілігі мен қарқындылығына айтарлықтай әсер етуде. Әсерінен еліміздегі ірі қалалар мен өңірлерде су тасқынының жиілігі артты. Былтыр батыс өңірін су басып, қаншама үй су астында қалды. Мыңдаған адам эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Тоқтаусыз жауған жауынның әсерінен кейбір аймақтардағы су басу қаупі азаймауы мүмкін. Сол себепті апаттардың алдын алуға бағытталған жұмыстар үздікксіз жүргізуді талап етеді.

Климаттың өзгеруіне қарсы Университет ғалымдары бірқатар ғылыми жобаларды әзірлеп жатыр. Мәселен, Amanzholov University студенттері су тасқынын алдын ала ескертетін гидропост жасап шығарған. Ол нақты уақыт режимінде судың деңгейі, температурасы, мөлдірлігі және ағысының жылдамдығын қадағалайды. Тасқын суды жинап, суды үнемдеу жұмыстарын ұйымдастыра отырып, су қорын құру да маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі таңда елдегі ауа сапасын жақсартатын, жауын-шашын мөлшерін анықтайтын мамандарға сұраныс жоғары. С.Аманжолов атындағы университет соңғы жылдары облыстағы мәселелерді шешу мақсатында өңір ғылымын дамытуға баса назар аударуда.