9 января 2025


ШҚУ-ДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН “BIZDIN QUIZ” ОЙЫНЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінің оқытушысы, кәсіби бағыт-бағдар беруші Лейла Асылхан 9 сынып оқушыларына колледж мамандықтарын кеңінен таныстырып, жоғары грант саны мен шәкіртақыны атап өтті.

— Қала мектептерінің оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында “bizdin quiz” ойынын өткіздік. 9 сыныптан кейін Жоғары колледжге түскісі келетін оқушыларға мамандықтар таныстырылып, университеттің жетістіктері айтылды. Жоғары колледжде грантта оқудың мүмкіндігі жоғары. Қазіргі таңда 1500 студенттің 1300-і грантта білім алады, — деді Жоғары колледж оқытушысы Лейла Асылхан.

Сонымен қатар, оқушылар “Дана бала” үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығын, тарихи өлкетану музейін, ғылыми кітапханаларды аралап, орталықтардың жетістіктерін көріп, оқытушылармен байланыс орнатты.

— Бүгін Аманжолов университетіне «ұшқыр ой» интелектуалды куиз ойынына келдік. Жоғары колледждің мамандары бізге кәсіби бағыт-бағдар берді. Маған студенттердің өсуіне жасалған жағдай ұнады. Экскурсия да, куиз-ойыны да қызықты өтті, — деді №6 орта мектептің 9 сынып оқушысы Алинұр Ілиясов.

Ұшқыр ойларымен үздік шыққан «Жұлдыз» командасы I орын иеленді. Ойын соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.