10 января 2025


СПАРТАКИАДА-2025: ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС

2025 жылғы спартакиада аясында ШҚУ-да шахматтан жарыс өтті. Шахмат- Үндістанда пайда болған ежелгі ойын. Бүгінде шахмат әлемдегі ең танымал логикалық ойындардың бірі әрі интеллектуалдық спорт түрі ретінде мойындалған.

Университет көлеміндегі ойындар әртүрлі командалардан келген екі ойыншының арасындағы жарыс түрінде өтті. Әр командада екі шебер және стратегиялық тұрғыда дайындалған қатысушы болды. Жалпы жарысқа 10-нан астам команда қатысты.

– Шахмат логикалық ойлауды және тез әрі байыпты шешім қабылдау қабілетін талап етеді. Біз қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге және осы үдерістен шынайы ләззат алуға дайынбыз, – деп бөлісті Жоғары колледж командасының қатысушысы Жігер Құрмет.

Командалық ойынның қорытындысы бойынша 1-орынды IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі жеңіп алды. 2-орынды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы, ал 3-орынды Жоғары колледж иеленді.

Алдағы уақытта қатысушыларды арқан тарту, футзал және волейбол сияқты спорттық сайыстар күтуде.