14 января 2025


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРЕТІН БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

«Академиялық инновациялар» Қысқы мектебі аясында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да педагогикалық бағыттағы оқытушыларға арналған «Инклюзивті білім беретін болашақ педагогтерді дайындаудың әдістемелік аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ.к Ирина Мацкевич өзінің инклюзиялық білім саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында қатысушылар инклюзиядағы әдептерді , дайындықты және ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеудің ерекшеліктерін талқылады.

          Инклюзивті білім беру – бұл тек қана тренд емес, заманауи білім беру саласына қажетті сала. Біздің педагогтер қабылдауы, дамуы әртүрлі студенттермен жұмыс істеуге дайын болуы керек. Сондай-ақ педагогика саласына маманданған студенттерге әр бала бірегей екенін түсіндіру қажет. Біреуіне қолданған әдіс, екіншісіне келмеуі мүмкін, — деді Ирина Мацкевич.

Шара соңында қатысушылар инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін студенттерді дайындаудың жаңа әдістері мен материалдарын дайындаудағы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.