14 января 2025


КМЖАТ КАФЕДРАСЫ УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ТДМ ТУРАЛЫ

Тұрақты дамудың басты мақсаттарының бірі – кедейлікті жою. Қазіргі таңда әлемде 783 миллион адам өте кедей жағдайда өмір сүріп жатыр. КМжАТ кафедрасының ұжымы бұл мәселені шешуге өз үлестерін қосуда.

2023-2024 оқу жылында «Студенттермен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» пәні аясында білім алушылар тұрақты дамудың 17 мақсатымен танысты. Сондай-ақ, жаһандық мәселелерді шешудің заманауи IT құралдары талқыланды. 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінде жас педагогтар мектебі аясында кафедраның қауымдастырылған профессоры Ж.З.Жантасова жас педагогтарға тұрақты даму мақсаттары бойынша материалдарды таныстырып, оқытылатын пәндердің мазмұнын жаһандық мәселелерді шешумен байланыстыруды, зерттеу тақырыптарын өзекті етуді ұсынды. Биылғы жылдың 8 қаңтарында кафедра оқытушылары Ж.З.Жантасова, М.А.Карменова  және А.К.Жақсалықова «Пәндерді жобалау барысында STEM және CLIL элементтері» атты семинар ұйымдастырып, оқытушылардың назарын даму мақсаттарына аударды. Кафедра алдағы уақытта оқытушылар мен студенттердің осы бағыттағы белсенділігін арттыруға арналған бірқатар іс-шараларды жоспарлауда.