15 января 2025


ТДМ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Топырақтың тозуы, климаттың өзгеруі сияқты дүниежүзілік мәселелермен қатар, агроөндірістің тиімділігін арттыру қажеттілігі де ауылшаруашылығы техникасын жарғыртудың маңызын көрсетіп отыр.

Машина бөлшектерінің бұзылуы мысалы, соқаның ұштығы мен қазғыш саптарының тозуы және оларды жиі ауыстыру мен жөндеуге кететін шығындардың артуы айтарлықтай экономикалық шығынға әкеліп соғады. Құралдардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін жаңа технологияларды дайындау маңызды.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектерінің пайдалану сипаттамаларын жақсарту бағытында белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Болашағы бар бағыттардың бірі – электрофрикциялық өңдеу әдісін қолдану. Бұл әдіс металдар мен қорытпалардың беткі қабатының механикалық қасиеттерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Әдістің мәні – электр разрядтары арқылы беткі қабатты жергілікті қыздырып, оны қарқынды үйкеліс әсерімен модификацияланған, тозуға төзімділігі жоғары қабатқа айналдыруда.

Лабораториялық сынақтар мен далалық тестілеу нәтижелері электрофрикциялық өңдеудің тиімділігін растады. Осы технологиямен өңделген ауыл шаруашылығы техникасының бөлшектері өңделмеген аналогтарға қарағанда тозуға төзімділігін 20–30%-ға арттырады. Бұл машиналардың пайдалану мерзімін ұлғайтып қана қоймай, жөндеу шығындары мен тозған компоненттерді ауыстыруға кететін уақытты да үнемдейді. Сонымен қатар, техниканың бұзылмай ұзақ уақыт жұмыс істеуі егін жинау мен егіс алқаптарының уақытылы өңделуіне септігін тигізеді.

 

Университет ғалымдарының осындай жұмыстары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі.