15 января 2025


ҚЫСҚЫ КУРАТОРЛАР МЕКТЕБІ: СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Гуманитарлық ғылымдар, Бизнес және құқық жоғары мектептерінің кураторларына арналған «Қысқы кураторлар мектебі» өтті. Шараның мақсаты – кураторлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбиелік жұмыстардың сапасын жақсарту.

Шара барысында Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Калимолдина жастар арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алу бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізу басты міндеттердің бірі екенін айтты.

«Абайтану» ҒЗИ директоры, ф.ғ.д, қауымдастырылған профессор Айжан Картаева «толық адам» тұжырымдамасы тақырыбында баяндама жасап, жастарға ізгі қасиеттерді насихаттаудың маңызына тоқталды.

Кураторлар мектебінде студенттер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жастарды деструктивті ағымдардан қорғау бағытында ұйымдастырылатын шаралар талқыланды.