5 Қыркүйек 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-НІҢ БІЛІМ КҮНІ

Amanzholov University-де білім күнінің салтанатты мерекесі өтті. Ауқымды іс-шара университетте жоғарғы деңгейде өтті: шығармашылық нөмірлер, Білім кілті, бірінші курс анты және ақшалай сертификаттар. Іс-шараның қонақтары қара шаңырақтың еңбек сіңірген ардагерлері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен олардың ата-аналары болды.

– Бүгін бірінші курс студенттерінің алдында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті өз есігін айқара ашты. Бұл Қазақстан Республикасының жоғары білімінің флагманы. Көптеген жылдар бойы біздің университет білім мен инновацияның символы болып табылады. ШҚУ-дың тарихы жетістіктерге бай және студенттердің әр буыны университеттің туын  жоғары көтеруді жалғастыруда. Болашақ мамандықты игеруде табыс тілеймін, – деді ректор Мұхтар Төлеген.

Білім алушыларға арналған мереке Білім кілті мен бірінші курс студенті Венера Бегимованың салтанатты антын беруден басталды.   Бұл студент Ұлттық бірыңғай тестілеуде «Алтын белгі» иегері мәртебесін растап, 120 балл жинаған екен.

Сондай-ақ, қонақтар талантты студенттердің керемет көрсетілімдерін тамашалады: ұлттық моңғол биі, көптеген вокалдық нөмірлер және заманауи хореография.

– Көңіл-күйім керемет! Концерт жақсы ұйымдастырылды! Мен осында келгеніме өте қуаныштымын, енді мен бәрінде белсенді болуды жоспарлап отырмын. Менің арманым – қызыл диплом, – деп бөлісті бірінші курс студенті Әсем Қаженова.

Мереке барысында Мұхтар Төлеген бірқатар белсенді және табысты студенттерді марапаттады. Сәрсен Аманжолов  пен Абай Құнанбайұлы атындағы стипендиямен Анель Ахтаева, Назерке Қарашашева, Әйгерім Дәулетханова және Расул Әміренов марапатталды. Жоғары мектеп белсенділеріне біз 120 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар тапсырды.

Қара шаңырақтың дамуына  қосқан үлесі мен табысты еңбегі үшін Диана Бекенова, Кәрібай Әділет, Алла Алехина, Гүлмира Құрманай, Айхат Әділов, Сержан Айсері, Назгүл Еспулатова, Дархан Дәуренов, Тамирлан Қымбатұлы, Жұлдыз Нұржанқызы, Назерке Қақанова,  Назерке Нұрлыбай, Әмина Кенжебекова, Аяужан Әшімова, Назерке Тілеуғабылова, Айсану Бекболатқызы, Бекзат Утжанов мен Жанат Сейтенбаев алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нурлана Алимбекова,  химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мукажанова және  қауымдастырылған профессор Елена Рякова докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, ғылым докторларының құрметті дипломдарын алды.

Жаңа оқу жылында ЖОО-ға 2500-ден астам студент түскен. Оның ішінде 1230 мемлекеттік грант иегері, 60 «Алтын белгі» иегері, 20-дан астам халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары және 70 спорт шеберлері бар.