14 сентября 2023
«ҚСЗИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT» ҰЛТТЫҚ АЛАҢЫ
Amanzholov University базасында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық алаңы ұйымдастырылды. Басқосуда сарапшылар қауымдастығы Шығыс Қазақстан облысының даму перспективаларын талқылады. Талқылаудың өзекті тақырыптары: экология, білім беру, жұмысқа орналасу, инклюзия және адами капитал болды. Бас спикер ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.
— Шығыс Қазақстан облысы урбанизация қарқыны бойынша ел көрсеткішінен озып тұр. Ел бойынша урбанизация көрсеткіші 61,5%, болса, шығыста 66,4%. Бұл демографиялық әлеуметтік тренд мүмкіндіктер мен тәуекелдерді жоспарлау кезінде ескерілуі керек. Урбанизацияның жоғары деңгейі қалаларды тұруға қолайлы ете түседі. Бұл жұмысқа орналасу, әлеуметтік қызметтер, медицина және т.б. салаларда жағдайдың жақсаруымен байланысты, — деді Еркін Тұқымов.
Өңір үшін өзекті мамандықтар тақырыбын С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов көтерді.
— Біз бес негізгі бағытты — өңіріміздің даму қозғалтқыштарын анықтадық. Олар металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы, білім беру және туризм. Осы бағыттар шеңберінде мамандықтардың бірегей атласын құру үшін неғұрлым терең зерттеулер жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда біз өңірлік әкімдікпен бірлесіп қаржыландыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, — дейді Ержан Домалатов.
Көптеген сарапшылар өз сөздерінде экология тақырыбын қозғады, солардың бірі университеттің география және экология кафедрасының профессоры Анатолий Чурсин. Ол қоршаған ортаға улы заттардың шығарылуын азайтуға көмектесетін іс-шараларға бюджетті бөлетін аймақтық әкімдіктің жанынан экологиялық банктер құруды ұсынды.
— Біз ластануға шектеулер қоймай, оларды табиғат пайдаланушыларға сатуымыз керек. Бұл нарықтық механизм болады, — деді профессор.
Талқылау соңында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев қорытындылай отыра назар аударатын және жекелеген жұмыс топтары оларды пысықтайтын негізгі төрт мәселені атап өтті. Олар экология, бағаның қымбаттауы, жемқорлық және тұрғын үймен қамту.