19 декабря 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҚЫТАЙЛЫҚ HAIER HAITECH КОМПАНИЯСЫНЫҢ R&D ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қытайлық HAIER HAITECH компаниясымен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық және жобаларды әзірлеу туралы Меморандумға қол қойылды. HAIER HAITECH компаниясы Smart кітапхана, ақылды аудиториялар, университет базасында R&D орталығы аясында қауіпсіз кампус сияқты жаңа жобаларды іске асыруды ұсынды.
Haier Haitech компаниясы университетпен жасанды интеллектті әзірлеуге және білім беру саласындағы IT шешімдерді дамытуға, соның ішінде «ақылды» сыныпты, қашықтықтан оқытуды, зияткерлік кітапхананы, қауіпсіз кампусты және жаңартылған кампус желісіндегі білім беру платформалары саласындағы шешімдерді әзірлеуге ниетті.
Кездесу барысында IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің базасында инновациялық білім беру бағдарламаларын ашу мәселесі талқыланды. «Интеллектуалды жүйелер мен технологиялар» бакалавриат білім беру бағдарламасы жасанды интеллект технологы біліктілігі бар жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлайды. Сондай-ақ «Цифрлық коммуникация және жасанды интеллект саласындағы қолданбалы этика» магистратурасының пәнаралық білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарланған. Бұл білім беру бағдарламасы бір жағынан пәнаралық зерттеулердегі қолданбалы этиканың заманауи тенденцияларын білетін, екінші жағынан жасанды интеллект технологияларын меңгерген бірегей мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, меморандум жоспарына қытайлық жоғары оқу орындарында студенттер мен ПОҚ-ның ғылыми тағылымдамалары, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу және олардың нәтижелерін өңір кәсіпорындарына енгізу ісі кіреді. R&D орталығының базасында дуалды оқыту шеңберінде кадрлар даярлау, жасанды интеллект саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және студенттердің қосымша микробіліктіліктер алуы жоспарлануда.
Сондай ақ университет сапалы кадрларды даярлау мақсатында белгілі Cisco және Huawei желілік академияларымен ынтымақтастықты көздеп отыр.