12 января 2024


ЖОО-ДА ОҚЫТУДЫҢ БЕЙІМДЕЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШҚУ-да әдістемелік семинарлар циклі шеңберінде «Белсенді оқыту тұжырымдамасы контекстіндегі оқытудың бейімделген технологиялары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қатысушылар С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетімен бірлесіп «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚР педагогикалық әлеуетін күшейту» жобасы аясында әзірленген инновациялық білім беру бағдарламаларын масштабтау бойынша педагогикалық университеттер оқытушыларын оқытудың өтіп жатқан 1 кезеңіне қосылуға бірегей мүмкіндік алды.

Семинарды оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі ұйымдастырды.

Іс-шара барысында ЖОО профессорлары, психология ғылымдарының кандидаттары Ирина Мацкевич пен Светлана Стельмах қатысушылардың назарына оқытудың бейімделген әдістерін ұсынды. Олар Google (classroom, GoogleDoc) қосымшаларының мүмкіндіктерін қолдануда практикалық тәжірибе алды, сөздер мен ассоциациялардың «бұлттарын» құрып, ұғымдық және теориялық «бақтарда» (answergarden) «серуендеп», студенттер үшін қызықты тапсырмалар әзірледі.

Семинарға қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге мазмұнды және пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.