31 Қаңтар 2024


ТИІМДІ ОҚЫТУ: БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ФОРМАТИВТІК КЕРІ БАЙЛАНЫС

Әдістемелік семинарлар топтамасы аясында «Белсенді оқыту және формативті бағалау арқылы оқу мақсатына жету жолындағы жұмыс» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысын ОӘЖҰБ жетекшісі Зенура Хамитова ашты. Ол осы семинар тақырыбының маңыздылығын және оқу жылында өткізілген семинарлар университет оқытушыларына олардың педагогикалық тәжірибесіндегі үздік шығармашылық идеялармен алмасуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Іс-шара барысында спикерлер т.ғ.к., Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.С. Чекетаева және п.ғ.к., физика және технология кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.Ж. Ташкенбаева топтық жобалар, оқушылардың кері байланысы, пікірталастар және практикалық сабақтар сияқты белсенді оқытудың бірқатар әдістерімен таныстырды.

Оқу процесінде формативті бағалаудың маңыздылығы атап өтілді.

Жалпы, семинар қатысушыларға оқытудың және бағалаудың тиімді белсенді әдістері туралы білімдерін кеңейтуге және практикалық мысалдар мен олардың оқу процесінде қолданылуын талқылауға мүмкіндік берді.