14 февраля 2024


Ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға конкурс жариялау

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі- ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы:070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі.

Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;

3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:

1) бекітілген үлгідегі өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі -түсті суретіменқоса қызмет тізімі;

4) Білім туралы құжаттар және олардың  қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы;

5) жұмыс орны  бойынша (қазіргі немесы соңғы) кадрлық кызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, кұжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде  психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;

8) мемлекеттік қызмет туралы занңамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Корпоративтік хатшысына Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 (каб. 105) ұсыну  қажет:, телефон: 8 (7232) 264658, 8 7055014446,

email: corporatif.secretaire.vku@gmail.com