27 февраля 2024


2024 жылдың 13-28 наурыз аралығында бизнес және құқық жоғары мектебінде әдістемелік онкүндік өтеді.

     Әдістемелік онкүндік аясында байқаулар, викториналар, ойындар, олимпиадалар, ашық сабақтар, әдістемелік семинарлар, халықаралық дөңгелек үстелдер мен кәсіптік бағдар беру шаралары өткізіледі.

     Әдістемелік онкүндіктің мақсаты: бизнес және құқық жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және заманауи білім беруді цифрландыру жағдайында шығармашылық әлеуетін дамыту.

    Әдістемелік онкүндіктің негізгі міндеттері:

  • кәсіби құзіреттілікті дамытуды ескере отырып педагогикалық тәжірибені жалпылау, жоғары оқу орындарының кафедраларында кадрлар даярлау ерекшеліктерін және оны оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында жас оқытушылар арасында тарату
  • оқытудың инновациялық әдістерін іздестіру және оларды оқу үрдісінде қолдану
  • білім берудің студенттерге бағытталған тұжырымдамасында жаңа көзқарастарды қалыптастыру
  • оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу.