1 апреля 2024


ШҚУ-ДА «ИНКЛЮЗИЯ ЖӘНЕ РАС: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ МЕН МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «Инклюзия және РАС: қазіргі жағдай мен мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті. Шара С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Дефектология» мамандығының ашылуының 20 жылдығына арналған іс-шаралар цикліне орайластырылған.

    Дөңгелек үстел отырысына ШҚО әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, педагогтар, ПОҚ және студенттер, инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істейтін мамандар, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қонақтар қатысты.

      Қатысушылар білім беру саласындағы инклюзия қағидатын табысты іске асыру үшін қажетті шарттарды, аутизм спектрі бұзылған, оның ішінде нейродаму бұзылыстары мен ерекшеліктері бар балалар мен ересектерді оқытуда және әлеуметтендіруде тиімді көмек жүйесін құру үшін мультидисциплинарлық байланыстардың маңыздылығы туралы ғылыми түсініктерді нығайтуды талқылады. ШҚО Білім басқармасының өкілі Ардақ Кубентаева атап өткендей, Аманжолов университеті бұл бағытта көп жұмыс атқаруда.

Университет 20 жыл бойы түзету педагогикасының жоғары білікті мамандарын дайындап келеді.

– Бүгін, университет қабырғасында өте маңызды тақырып талқыланды. Мен осы салада жұмыс істейтін адамдарға тек алғыс айтқым келеді. Олар күрделі, жауапты әрі қоғам үшін өте қажет қызметте еңбектенуде, — деді ректор Мұхтар Төлеген.

      Талқылау барысында бірқатар сындарлы тілектер мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, РАС бар балалардың ата — аналарының қауымдастығын ұйымдастыру, ал Amanzholov University базасында түзету педагог-ассистенті микроквалификациясын ашу ұсынылды. Осы және басқа да идеялар ШҚО ББ қарау және шешім қабылдау үшін жіберілетін болады.

Дөңгелек үстелге 200-ден аса адам қатысты.