5 апреля 2024
ХИМИЯДАН АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
Химия кафедрасымен «Professional Upgrading» мансап орталығының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен аймақтық олимпиада өтті.
Олимпиада екі турдан- іріктеу және теориялық, практикалық тұрды.
Екінші турда 40-тан астам оқушы теориялық және шығармашылық бағыттағы мәселелерді шешіп, сапалы реакцияларға негізделген заттарды анықтау бойынша логикалық эксперимент жүргізді.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Аққайнар орта мектебінің» 11 сынып оқушысы Хайролқызы Назерке гран-при иегері атанып,төрт жылға ректордың білім беру грантын жеңіп алды.
10 сынып оқушылары арасында «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебінен» Қайсар Құсайынов пен «№ 11 мектеп-лицейінің » оқушысы Злата Рыбникова бірінші орынды иеленді.
Екінші орын «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейінен» Айткәрім Фатима мен «№ 37 орта көпсалалы мектептен » келген Қабдрашит Ерасылға табысталды.
Үшінші орынды «№47 жалпы білім беретін мектептің» оқушысы Русланқызы Іңкәр және «№11 мектеп-лицейінің» оқушысы Сиротина Полина иеленді.
11 сынып оқушылары арасында бірінші орынды НЗМ оқушысы Дәуренқызы Нәркес және «Білім инновация лицейі» оқушысы Қыдырмоллаұлы Нұрмұхаммед иеленді.
Екінші орын — «Малоубинка орта мектебінің» оқушылары Ерғазы Айжан мен Темной Алисаға табысталды.
Үшінші орынды Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің оқушысы Амангелді Нұрбол және » № 11 мектеп-лицейінің » оқушысы Алешина Полина иеленді.
Шара соңында жеңімпаздарға дипломдар, ал қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.
Олимпиада барысында оқушыларға білім беру бағдарламалары, гранттар, академиялық ұтқырлық және ЖОО-ның басқа да артықшылықтары туралы ақпарат таныстырылды.