18 апреля 2024


БЕЙРЕСМИ БІЛІМ БЕРУ КУРСТАРЫ

    Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында «Биология және жаратылыстану сабақтарында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда ғылыми зерттеу жұмыстарының рөлі мен ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында курс өтуде.

Бейресми білім берудің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша курсты биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шәріпханова Анаргүл Сайлаубекқызы және сениор-лектор, магистр Қабатаева Жадыра Қанатқызы жүргізеді.

Олар Қазақстанда Lifelong learning үздіксіз оқыту тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтті, бұл адамдарға өмір бойы оқуын жалғастыруға, білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің білім беру жүйесінің маңызды бөлігі. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты қазіргі заманғы адамның басты қасиеті — үйрену, жаңа дағдылар мен құзыреттерді игеру қабілеті мен ниеті. Бұл қажеттілікті бейресми білім беру арқылы қанағаттандыруға болады.