26 Сәуір 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

 Алматыда «Ақынжанов оқулары-2024» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері қатысты.

Дәстүрлі шараны Ә. Марғұлан атындағы археология институты мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырды.

Конференцияда «Тарих» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттері Дулат Қайырғазы мен Дәулет Дәулетханов өз жұмыстарын таныстырды. Олар «Ақбауыр» археологиялық кешеніндегі зерттеу жұмыстары туралы ғылыми баяндамаларын оқыды.

Ғылыми жетекшілері: Қазақстан тарихы кафедрасының сеньор-лекторы Құралай Жириндинова мен ШҚО тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Меделбек Шұғыла.

Студенттер мен жас ғалымдардың «Ақынжанов оқулары» конференциясы 1993 жылдан бастап тұрақты негізде өткізіліп келеді. Бірқатар отандық ғалымдардың ғылым жолы осы конференциядан басталғанын айта кету керек. Олардың көпшілігі өздерінің ғылыми және еңбек қызметін археологиямен байланыстырған.