31 мая 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ-ДАЛАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТУДЕ

IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің «География», «География-Тарих» және «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының 45 бірінші курс студенті ШҚО аудандарында екі апталық практикадан өтті.
IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиканованың айтуынша, далалық практика студенттің оқу-практикалық қалыптасуының, оның практикалық дағдыларын жетілдірудің маңызды бөлігі саналады.


— Практиканың мақсаты – студенттерді болашақ мамандықпен таныстыру, мамандардың нақты немен айналысатынын, күнделікті қандай проблемалар мен қиындықтарға тап болатынын, нақты кәсіп шеңберіндегі жұмыс ерекшеліктері мен жағдайларын және т.б. көрсету, — дейді Жоғары мектеп деканы Салтанат Адиканова.


Оқу-далалық практикадан өтуге арналған іссапар аясында студенттер Күршім ауданындағы «Қиын-Керішке», «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне», «Берел қорғандарын» және Катонқарағай ауданындағы сскі австриялық жолды, Селезнев гидропостын (Гидроэкология), Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасын, Тұрғысын, Үлкен Нарын ауылына барады.

Сондай-ақ Катонқарағай, Шыңғыстай және Алтай қаласында болмақ.
Студенттерге ШҚУ ректорының бұйрығымен бекітілген практика жетекшісі басшылық етеді. Барлық шығыс ЖОО қаражаты есебінен төленеді.