13 Маусым 2024


ШҚУ ҰЖЫМЫ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» жалпы республикалық науқаны бір күндік сенбіліктер мен бір реттік шара өткізумен шектелмейді. Тұтас ұлттық акция. ШҚУ ұжымы «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған кезекті «Таза бейсенбі» эколгиялық шарасына қатысты.
ЖОО-ның 100-ге жуық қызметкері Карбышев көшесінен «Самал» қалалық саябағына дейінгі аумақты абаттандырумен айналысты.


– Бүгін мұнда профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар және тіпті ерікті студенттер де қатысуда. Ортақ күш салып, экологиялық мәдениетті дамыту идеясын қолдаймыз. Көңіл-күй көтеріңкі. Жұмыс қызу, – дейді тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Қалимолдина.


Сенбілікке қатысушылар қауырт жұмысқа білек сыбана кірісті. Нәтижесінде ондаған қоқыс салынған қап жиналды.


Айта кетейік, «Таза бейсенбі» науқаны 6 маусымнан бастап еліміздің барлық өңірлерінде өтуде. Оған қоршаған ортаға бейжай қарамайтын азаматтар мен белсенділер қатысуда.