8 ноября 2024


ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС КӘСІПТІК БАҒДАР: МЕКТЕПТЕ ТРЕНИНГ ӨТТІ

№24 орта мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11 сынып оқушыларына арналған сессия-тренинг өтті. Іс-шараны «Дана бала» орталығының жетекшісі Алима Алипова, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина, сондай-ақ «Психология» ББ студенттері Дмитрий Потешкин мен Михаил Есипов ұйымдастырды.

Іс-шара барысында оқушылар таңдаған мамандықтары туралы айтып, олардың әрқайсысы үшін ерекше жарнама жасап, имитациялық бизнес жобасын ойлап тапты.

— Бұл кәсіби бағдар беру жұмысының ерекше әдісі балаларға өте ұнады. Біз студенттерді шақырып, олар ШҚУ-дың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын өз тәжірибелері арқылы көрсетті, — деді Алима Алипова.

Оның айтуынша, №24 орта мектеп талапкерлерінің 80% — ы Amanzholov University-ді таңдайды.