14 ноября 2024
- УНИВЕРСИТЕТ
- Білім
- Ғылым
- ТАЛАПКЕРГЕ
- СТУДЕНТТЕРГЕ
- РЕСУРСТАР
- Халықаралық қызмет
- ТДМ
- ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕР
- ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ
14 ноября 2024
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында «Биологияны оқытудағы инновациялық технологиялар және ғылыми зерттеулерде заманауи әдістерді қолдану әдістемесі» бағдарламасы бойынша мектептер мен колледждердің педагогтарына арналған қашықтықтан оқыту курсы аяқталды. Курс ҚР Білім Министрлігінің орта білім Комитетімен келісілді.
Оқыту барысында мұғалімдер биологияны оқытудың тиімді әдістерін игеріп, инновациялық технологиялардың теориялық негіздерін қолдануды, сондай-ақ жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді.
Курсты биология кафедрасының оқытушылары Шарипханова А. С., Кабатаева Ж. К., Асқарова А. А., Маратқызы Н., Карменова Б. К., Игисинова Ж. Т., Тергенбаева Ж. Т. жүргізді.
Барлығы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 21 тыңдаушы болды. Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.