18 ноября 2024


ЖОО-ДА «ЭРУДИТТЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ

Amanzholov University базасында жастар арасындағы қаржылық сауатты арттыру үшін «Эрудиттер форумы» зияткерлік байқауы ұйымдастырылды. Байқауды ҚР Қаржы мониторингі Агенттігінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті өткізді.

Шараға С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері қатысты.

— Осындай жарыстар арқылы студенттер білімдерін көрсетуге, болашақта кездесетін тапсырмаларды шешуге дағдыланады. Қатысушыларға жаңа ашылулар, сенімділік, командалық рух тілеймін. Бұл сайыс тек білімді бағалау ғана емес, жетістіктерге шабыттандыратын шара болғатынына сенемін, — деді Айдын Молдабеков.

Әділқазы алқалары болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бірінші тергеу басқармасының орынбасары Бақытбек Құлжанбеков, Шығыс Қазақстан облысы бойынша » Қарызсыз қоғам» жобасының тәлімгері Ермек Жұмағұлов, Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихат депутаты Бақытжан Ерболова, «Антарес А» қоғамдық қоры директорының орынбасары Серік Байбосынов төрелік етті.

Тартысты зияткерлік ойын төрт этаптан тұрды. Бірінші – «Креативті» — командалар өздерін жаңаша, креативті көзқараспен таныстырды.

Екінші тур – «Үй тапсырмасы» — әр команда қаржы пирамидаларының іс-әрекеттері мен олардың арты неге әкеліп соғатыны жайлы видеоролик көрсетті.

Үшінші тур – «Жағдаяттық тапсырмаларды шешу» — қатысушыларға қаржылық тәуекелдер мен алаяқтық жайлы білімдерін қолданатын әртүрлі тапсырмалар берілді.  

«Сұрақ-жауап» айдары соңғы қорытынды этап болды.

Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша Amanzholov Univer екінші орынды иеленді.

Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап бөлімі өте тартысты өтті. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе, — деді қатысушылардың бірі.

Айта кетейік, мұндай форматтағы шара студенттердің қаржылық сауаттылық жөнінде және қаржылық тәуекелдерден қорғану білімін тереңдетуге ықпал етті.