25 ноября 2024


ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГ СТУДЕНТТЕРДІ АҚТҚ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРДЫ

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында дәрігер-эпидемиолог Аяулым Аукенова қатысуымен ШҚУ студенттеріне АҚТҚ инфекциясы (ВИЧ) жайлы дәріс ұйымдастырылды. Студенттерге АҚТҚ инфекциясының алдын алу, сақтану шаралары мен салауатты өмір салтын ұстану керектігі жөнінде айтылды. Спикер жастардың жұқтырып алу қаупі жайлы толық ақпараттануын және жиі тексерістен өтіп отыру керектігін айтып өтті.

Сондай-ақ, студенттермен «Ансфер» ғылыми-өндірістік бірлестік өкілі Оксана Магомедова кездесті. Ол жастарға АҚТҚ инфекциясы мен ЖИТС-тің айырмашылығын түсіндіріп, парақшалар таратты.

Айтып өтейік, мұндай шаралар студенттердің өз денсаулықтарына жауапкершіліктері артып, жас буынның арасында алдын алу шараларын бекітуге ықпал етеді.