12 декабря 2024
«СЕРПІН – 2050» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Серпін-2050»
бағдарламасының түлектеріне «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» тақырыбында бос
жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысының қала және
аудан әкімдерінің орынбасарлары «Дипломмен – ауылға!», «Ерікті облысаралық
қоныс аудару» және «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларын таныстырды. Олар
студенттерді әр өңірдің инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен және жас мамандарға
көрсетілетін жеңілдіктерінен хабардар етті.
Сонымен қатар, студенттер білім беру, өңдеу өнеркәсібі
және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету және орман
шаруашылығы салаларындағы сұранысқа ие мамандықтар тізімімен таныса алды.
Магистранттар жұмыс берушілермен жеке әңгімелесуге,
түйіндемелерін ұсынуға және өздерін қызықтыратын салалардағы жұмыс орындары
туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар мұндай
жәрмеңкелерді оқу жылының соңына дейін бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр.
— Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі түлектерімізге кәсіби мансабын
бастауға және аймақтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін бірегей бастама.
Бұл іс-шара жұмыс берушілерге білікті мамандарды табуға ғана емес,
студенттердің өздері де алған білімдерін іс жүзінде қайда және қалай қолдануға
болатынын түсінуге көмектесті, — деді стратегиялық даму және халықаралық
ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде
«Серпін» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 97 пайызды
құрап, республикадағы рекордтық көрсеткіштердің бірі болды. Бұл бағдарламаның
көптеген түлектері табысты мансап құруға, жұмысқа орналасуға және отбасын
құруға мүмкіндік алды. Олардың кейбірі ШҚУ-да магистратура мен докторантураға
түсіп, оқуын жалғастыруда.