27 января 2025


ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент қызметкерлері студенттермен кездесу өткізді. Шара «Заң және тәртіп» идеологиясын түсіндіру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ted-X форматында ұйымдастырылды.

– Елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар үш бағытта жүзеге асады. Оның ең бастысы – халықты сауаттандыру. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жастармен жиі кездесіп, ашық диалог ұйымдастырамыз. Осы уақытқа дейін университет жастары өткізген бірлескен іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп келеді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева.

Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында сұрақтарын қойып, пікір алмасты.