28 января 2025


ЖОО-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

Психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті Кукина Ю.Е. және «Дефектология» білім беру бағдарламасының магистранты Мухамадиева А.Е. №23 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіби бағдар аясында оқушыларға кафедраның жаңа білім беру бағдарламалары, университетке түсу және оқу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, университет өкілдері «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығына экскурсия ұйымдастырды. Болашақ талапкерлерге орталықтың зертханалары таныстырылып, оның негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндалды.