24 қазан 2024


ТАРИХШЫ-ПРОФЕССОР РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДӘРІС ОҚЫДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ұлттық мерекеге орай тарихшы-профессордің «Республика күнін тойлаудың тарихи маңызы» тақырыбында дәрісі өтті.

Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Раушан Нұрбекова жүргізді. Дәрістің басты мақсаты – Республика күнінің тарихи маңызын айқындау және ел дамуының эволюциялық жолын көрсету.

– Республика күні Түрік қағанатынан бастап Қазақ хандығына дейін жалғасқан көпғасырлық мемлекеттігіміздің пайда болуының символы. Осы ұлы тәуелсіздік символының аясында тек ақпарат беріп қана қоймай, білім алушыларды шабыттандыратын дәріс өткіздік, – деді профессор.

– Бәріміз дәрісті бір деммен отырып тыңдадық. Біз Қазақстан тарихының пайда болуымен және егемендік жылдарындағы жетістіктерімен мақтанамыз, – деді қатысушы студенттердің бірі.

Дәріс соңында профессор Республика күнінің маңызын түсіну патриотизмды қалыптастырады және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырады деп атап өтті.