Магистратура

Магистратураға түсушілерге

Ештеңе табылмады. Басқа сұраныс енгізіп көріңіз.

Кешенді тестілеуге тіркелу

Тестілеуге өтініш беру орны мен тәсілі

Өтінішті қайда беруге болады?

Тестілеуге онлайн тіркелу

app.testcenter.kz
Ресми сайт
UTO.kz
Мобильді қосымша
Тестілеу орны
Тіркелу кезінде өзіңіз таңдайсыз


2026 жылға арналған қабылдау комисси негізгі даталары

2026 жылғы қабылдау науқанының кестесі

Маңызды! app.testcenter.kz сайты арқылы өтініш беру үшін жоғары білім туралы диплом талап етілмейді.

1 маусым — 8 шілде 2026
Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау
14 шілде 2026
Тестілеу орны мен уақыты жеке кабинетте жарияланады
20 шілде — 10 тамыз 2026
Кешенді тестілеу
13 — 18 тамыз 2026
Грантқа конкурсқа өтінімдер қабылдау
28 тамызға дейін 2026
Магистратураға қабылдау
20 тамыз — 28 тамыз 2026
Ақылы оқуға құжаттарды қабылдау

Кешенді тестілеудің шекті балдары

Өтуге қажетті ең төменгі талаптар

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Тестілеу нәтижелеріне қойылатын талаптар

Шекті балл — 75 балл
Шет тілі
кемінде 25 балл
Оқуға дайындықты анықтау тесті
кемінде 7 балл
Білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша
кемінде 7 балл (әр пәннен)

Бейінді магистратура

Тестілеу нәтижелеріне қойылатын талаптар

Шекті балл — 30 балл
Білім беру бағдарламалар тобы бейіні бойынша
кемінде 7 балл (әр пәннен)

Магистратураға қабылдау үшін құжаттар тізбесі

Магистратураға қабылданғанда университеттің қабылдау комиссиясына ұсынылады

Жоғары білімі туралы құжат қосымшаларымен (түпнұсқа)
Жеке басын куәландыратын құжат
КТ сертификаты
3×4 см өлшемді алты фотосурет
075/у нысаны бойынша медициналық анықтама
Шет тілі бойынша сертификат (бар болған жағдайда)
Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы барлар үшін)
Ғылыми жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда)

Түсу емтиханы бағдарламалары

Магистратураның барлық дайындық бағыттары бойынша сұхбат бағдарламалары

Шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар

КТ шет тілі тестінен босатылуға мүмкіндік береді

🇬🇧 Ағылшын тілі
IELTS AcademicХалықаралық академиялық тест≥ 6.0
TOEFL iBTШет тілі ретіндегі ағылшын тілі тесті≥ 60 балл
🇩🇪 Неміс тілі
DSHDeutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang≥ B2
TestDaFTestDaF-Prüfung≥ B2
🇫🇷 Француз тілі
TFITest de Français International≥ B2
DELFDiplôme d'Études en Langue Française≥ B2
DALFDiplôme Approfondi de Langue Française≥ B2
TCFTest de connaissance du français≥ B2

2026–2027 оқу жылына арналған оқу құнының прейскуранты

2026–2027 оқу жылына арналған баға тізімі

НАО «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген прейскурантқа сәйкес (2026 жылғы 13 мамырдағы №3 хаттама), оқу ақысы магистратура бағыты мен оқу курсына қарай өзгереді.

Бейінді бағыт

Оқу мерзімі — 1 жыл

ҚР азаматтары
750 000 теңге/жыл
12 500 теңге / кредит
Шетел азаматтары (ҚР резидент еместер)
974 000 теңге/жыл
16 233 теңге / кредит
Бейінді бағыттың білім беру бағдарламалары:
7M04107 Қаржы және есеп
7M04112 Экономика және басқару
7M04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару
7M04109 Денсаулық сақтаудағы менеджмент
7M04113 Стратегиялық менеджмент және бизнес-әкімшілендіру (EMBA)
7M04202 Құқықтану
7M05203 Экология
7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Ғылыми-педагогикалық бағыт

Оқу мерзімі — 2 жыл

1 курс — ҚР азаматтары
750 000 теңге/жыл
12 500 теңге / кредит
1 курс — шетел азаматтары (ҚР резидент еместер)
974 000 теңге/жыл
16 233 теңге / кредит
2 курс — барлығына бірдей
690 000 теңге/жыл
11 500 теңге / кредит
Ғылыми-педагогикалық бағыттың білім беру бағдарламалары:
7M01101 Педагогика және психология
7M01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
7M01301 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
7M01401 Дене шынықтыру және спорт
7M01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және сызу
7M01501 Информатика
7M01502 Физика
7M01503 Математика
7M01504 Химия
7M01505 Биология
7M01506 География
7M01513 STEM білім беру
7M01508 EdTech және жасанды интеллект
7M01601 Тарих (педагогикалық)
7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті
7M01702 Орыс тілі мен әдебиеті
7M01703 Шет тілі: екі шет тілі
7M01902/03 Арнайы педагогика
7M02202 Тарих (гуманитарлық ғылымдар)
7M02203 Философия – дінтану
7M03101 Психология
7M04102 Экономика және басқару
7M04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару
7M04110 Қаржы және есеп
7M04111 Туристік дестинацияларды басқару және тұрақты даму
7M04201 Құқықтану
7M05101 Биология
7M05201 География
7M05202 Экология
7M05301 Физика
7M05302 Химия
7M05303 Ядролық физика және радиациялық материалтану
7M05401 Математика
7M06101 Компьютерлік инженерия
7M06102 Ақпараттық жүйелер
7M11201 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

Шетел азаматтары үшін магистратура мен докторантураға түсу жайлы ақпарат

PDF жүктеу
Абитуриентте Қазақстанда тұруға ықтиярхат (Вид на жительство) болса, конкурсқа қатыса ала ма?

Жоқ.

Олар шетел азаматтары ретінде жоғары оқу орнына тек ақылы негізде оқуға түсе алады (қабылдау әңгімелесу арқылы жүргізіледі).

7M04113 «Стратегиялық менеджмент және бизнес-әкімшілендіру (EMBA)» білім беру бағдарламасы

Executive MBA — жоғары және орта буын басшыларына арналған бағдарлама

Бағдарлама туралы

Executive MBA (EMBA)

Оқу мерзімі
1 жыл
Оқыту нысаны
Гибридті формат (онлайн және офлайн) — негізгі жұмыс қызметінен қол үзбей оқыту
Сабақ өткізу орны
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 72, 4-қабат, 405-кабинет
Білім беру бағдарламасының мақсаты

«Стратегиялық менеджмент және бизнес-әкімшілендіру (EMBA)» білім беру бағдарламасы жүйелі ойлау қабілеті мен көшбасшылық құзыреттері қалыптасқан, бизнесті тиімді басқара алатын және жаһандық бәсекелестік пен үздіксіз өзгерістер жағдайында оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті стратегиялық деңгейдегі менеджерлерді даярлауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы

Қазіргі заманғы бизнес сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделіп қана қоймай, ұйымдардың ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегияларын қалыптастыра алатын жаңа буын басшыларын талап етеді.

EMBA бағдарламасы стратегиялық менеджменттің, корпоративтік басқарудың және бизнес-әкімшілендірудің үздік тәжірибелерін басқару саласындағы өзекті әлемдік үрдістерді зерделеумен ұштастырады.

Бағдарламаның бірегейлігі оқытудың практикалық бағыттылығында, нақты бизнес-кейстерді қолдануда, заманауи басқару технологияларын интеграциялауда және ірі ұлттық әрі халықаралық компанияларда сұранысқа ие құзыреттерді дамытуда көрініс табады.

Берілетін дәреже: 7M04113 «Стратегиялық менеджмент және бизнес-әкімшілендіру (EMBA)» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Бағдарламаға кімдер түсе алады

Білімі
Жоғары білімінің міндетті түрде болуы
Жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі — 1 жылдан кем емес

Бағдарлама барысында қандай білім мен дағдыларды меңгересіз?

Негізгі құзыреттер

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер:

1
Ұйым мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін жоғары өнімді командаларды тарту, дамыту және ұстап қалу үшін адами ресурстарды басқарудың озық стратегияларын қолдана алады
2
Нарықтық жағдайды бағалау, жаңа мүмкіндіктер мен мәселелерді анықтау, сондай-ақ стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдау үшін бизнес-зерттеу әдістері мен аналитикалық құралдарды пайдалана алады
3
Бизнестің ағымдағы тиімділігін бағалау және жетілдіру бағыттарын анықтау үшін аккаунтинг-менеджмент құралдарын пайдалана отырып, қаржылық есептілік пен операциялық деректерді талдай алады
4
Бизнестің тұрақтылығы мен бейімделгіштігін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқарудың кешенді стратегияларын және оларды азайту жоспарларын, сондай-ақ ұйымдық өзгерістерді басқарудың тиімді стратегияларын әзірлей алады
5
Көшбасшылықтың түрлі модельдері мен тәжірибелерін бағалай алады, сондай-ақ командаларды тиімді басқару және оң ұйымдық мәдениетті қалыптастыру үшін эмоционалдық интеллектке негізделген тәсілдерді қолдана алады
6
Тұрақты өсуді қамтамасыз ету және нарықтағы позицияларды нығайту үшін жалпы бизнес-стратегиямен ықпалдастырылған бәсекеге қабілетті маркетингтік стратегияларды әзірлей алады
7
Стратегиялық және операциялық шешімдер қабылдау кезінде іскерлік этика мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қолдана отырып, олардың барлық мүдделі тараптарға және компания беделіне әсерін ескере алады
8
Қойылған стратегиялық және қаржылық мақсаттарға қол жеткізу үшін жүйелі тәсіл мен тиімділікті басқарудың тиісті әдістемелерін пайдалана отырып, бизнестің жалпы тиімділігін бағалай алады
9
Жаһандық бәсекелестік жағдайында экономикалық деректерді талдау, бизнес-процестерді модельдеу, стратегиялық шешімдер қабылдау және ұйымның операциялық қызметін оңтайландыру үшін жасанды интеллект әдістері мен технологияларын қолдана алады

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Executive MBA бағдарламасына

Басқарма төрағасы — ректордың атына жазылған өтінішқұжаттарды тапсыру кезінде рәсімделеді
Жоғары білім туралы дипломның және транскрипттің көшірмелерішетел азаматтары үшін — білім туралы құжатты тану туралы құжат, диплом мен транскрипттің нотариалды куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ олардың нотариалды куәландырылған аудармалары
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесішетел азаматтары үшін — паспорттың көшірмесі және оның нотариалды куәландырылған аудармасы
Атқаратын лауазымы көрсетілген еңбек өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама
075/у нысанындағы медициналық анықтама
Ұсыным хат

Оқуға қабылдау ережелері

7M04113 «Стратегиялық менеджмент және бизнес-әкімшілендіру (EMBA)»

Байланыс телефондары

Сұрақтарыңыз бар ма? Біз көмектесеміз!

Қабылдау комиссиясының байланыстары

Дс–Жм: 9:00–18:00