18 қыркүйек 2026


«ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ ЖАРЫС ӨТТІ

    С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде ұлттық спорт түрлерін насихаттау, білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы» атты жарыс ұйымдастырылды.Спорттық шараға Жоғары колледждің «Дене тәрбиесі және спорт», «Құқықтану», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының білім алушылары қатысты.

   Жарыс бағдарламасына қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындары – «Арқан тарту», «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» енгізілді. Қатысушылар өздерінің күшін, ептілігін, дәлдігін және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.

Білім алушылар жарысқа белсене қатысып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын танытты. Спорттық шара барысында ұйымшылдық, достық қарым-қатынас және салауатты бәсекелестік атмосферасы қалыптасты.Ұлттық ойындар – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін рухани мұра. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, дене белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

      Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен білім алушылар марапатталды.