16 қыркүйек 2026


«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН»: СЕРІКТЕСТІК ПЕН БОЛАШАҚ КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

      Осы аптада елімізде кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында «Өндіріс не талап етеді – колледж соны үйретеді!» ұранымен «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» акциясы бастау алды.
         Аталмыш акцияның басты мақсаты – колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалық деңгейге көтеру, еңбек нарығының нақты сұраныстарын зерттеу және білім беру бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту.
         Осы мақсатта колледж қабырғасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, «Шығыс Балдырған» ЖШС балабақшасында акцияның күнделіктік жоспары жұмыстарын іске асыруда.
1,2 күн мақсаттарына сәйкес колледж бен балабақша арасындағы серіктестіктің нақты бағыттары белгілеу жүзеге асырылып, жұмыс берушілердің қазіргі таңдағы сұранысын анықтау мәселелері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. «Шығыс Балдырған» ЖШС балабақшасында студенттеріміз экскурсия жасап, кәсіби дағдыларды қалыптастыруға қадам жасады. Оқытушыларымыз тәрбиешілермен кездесіп, пікірлесіп, тәжірибе алмасты. «ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН» акциясының жоспарлы күнделігі әлі де жалғасатын болады.
Болашақта колледж қабырғасындағы барлық оқытылатын мамандықтар бойынша аталмыш акция жалғасын табады.