31 Тамыз 2023


«ӘДІЛДІК – ПАРАСАТТЫЛЫҚ – СЕНІМ» АТТЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ САҒАТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2023 жылдың 1 қыркүйегінде кезекті парасаттылық сағаты өтеді. Университет студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Шакенов Денис Владимировичпен кездеседі.

Парасаттылық сағатта  қазақстандықтардың ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға қосқан үлесінің рөлі мен маңызы туралы айтылады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы студенттердің сұрақтарына жауап береді.

Өтетін орны: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34, № 1 оқу  ғимараты, № 111 аудитория.

Басталуы: сағат 15.00-де.