7 сентября 2023


ШҚУ-ДА ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Қорғаныс ведомствосымен әскери қызмет беделін көтеру, имиджін арттыру мақсатында қолға алынған жоба ойдағыдай іске асуда. Ең басты қолдау – запасқа шығарылған сарбаздарға білім беру гранттарын ұсыну саналады. ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары білім алуға үміткерлерді автоматты бөлу жұмысы қолға алынғалы көп уақыт болған жоқ. Десе де С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға мерзімді әскери қызметін өтеген екі азамат оқуға түсті. Бірі «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына қабылданған Жалғас Қамзаев болса, екінші білім алушы «Сауықтыру дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Нұржан Қасенов.