4 Қазан 2023


МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ: МЕРЕКЕЛІК СТУДЕНТТЕР КОНЦЕРТІ

Жыл сайын бесінші қазанда елімізде сыйлы да қадірлі мамандақ иелерінің құрметіне орайластырылған – Мұғалімдер күні атап өтіледі. Дәстүр бойынша студенттер оқытушылардың көңілін көтеріп, өнерлерін ортаға салды.


Жастар әуелетіп ән айтып, ұлттық би «Қара жорғаны» билеп, өлең оқыды. Шара соңында ризашылықтарын білдірген көрермен орындарынан тұрып қол соқты.


-Сіздердің еңбектеріңіз барлық мақтауға лайық. Сіздер әр білім алушыға бар білгендеріңізді үйретіп, еліміздің мықты маманы етіп дайындайсыздар. Сондықтан, жауапты жұмыста сәттілік тілеймін, – деді әріптестерін құттықтаған ректор Мұхтар Төлеген.


Көрермендердің пікірінше, концерт жоғары деңгейде өтті.


Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы ШҚУ жетекші көпсалалы ЖОО саналады. Келешек педагогтарды дайындау – оқу орынының басты міндеті. 1952 жылдан бері университет 70 мыңнан астам педагогикалық бағыттағы мамандарды оқытып шықты.