20 Қазан 2023


ШҚУ ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМДА

Акдениз университетінің базасында «Мықты географиялық білім – мықты болашақ» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Шараға Түркия, Ұлыбритания, Малайзия, Болгария, Қазақстан, Әзірбайжан ғалымдары қатысты.


Жиын барысында қатысушылар географиялық білім берудің мазмұнын, ғылымның даму перспективаларын, сондай-ақ сабақтарда педагогикалық инновацияларды пайдалану жайын талқылады.


Айта кетейік, ШҚУ оқытушысы, «500 ғалым» бағдарламасының стипендианты Гаян Губайдуллина «Педагогикалық инновациялар: болашақ география мұғалімдерін даярлау бағдарламаларын салыстырмалы-салғастырмалы талдау» атты ғылыми зерттеуінің алдын ала нәтижелерін ұсынды.