26 Қазан 2023


ШҚУ ТҮЛЕГІНЕ «ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Республика күні қарсаңында Тараз қалалық мәслихатының шешімімен Тоқпанбетов Әуесбай Бақбергенұлына «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әуесбай Бақбергенұлы 1973 жылғы Өскемен педагогикалық институтының түлегі. Ол жаңашыл педагог, мәдениет қайраткері. Педагог қырық жылдай Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледжінде оқытушы және музыкалық білім беру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Білікті ұстаз «Ойжайлау» жастар фольклорлық ансамбльін, «Балауса» әйелдер вокалдық ансамбльін және «Серілер» ерлер квартетін құрып, жетекшілік етті.
Оның басшылығымен «Қазақ халқының аспаптық музыкасының жастар үшін тәрбиелік мәні» және «Оқушыларды өнерге баулу» атты әдістемелік құралдар жарық көрді.