29 декабря 2023
РЕКТОР МҰХТАР ТӨЛЕГЕН УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Құрметті достар, қымбатты отандастар! Келе жатқан жаңа 2024 жыл құтты болсын!
Өтіп бара жатқан 2023 жылды қорытындылай келе С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әрбір қызметкеріне, студентерге және түлектерге білім ордамыздың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Сіздердің арқаларыңызда ШҚУ 70 жыл бойы Шығыс Қазақстанның іргелі білім беру және ғылыми орталығы атанып келеді. Оқу ордамыз облыста ғана емес, республикада да беделді, абыройлы.
Осы жылдар ішінде университет Қазақстанның шығысында жоғары білім берудің көшбасшысы атанды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұжымның жұмысын жоғары бағалап, Ғылыми-білім беру қызметінің нәтижелері бойынша біздің университет Қазақстанның жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының қатарына кіретінін және Қазақстанның шығысында зерттеу университеті атануға зор әлеуеті бар екенін атап өтті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаев жоғары оқу орнына келген кезде университет белсенді дамып келе жатқанын және еліміздің жоғары оқу орындары арасында жоғары бағаға ие екенін атап өтті.
Әдеттегідей Жаңа жыл алдында өткен жылды қорытындылаймыз. 2023 жыл университет үшін өте нәтижелі және жемісті болды, әсіресе ғылым саласында. Университет ғалымдары жаңа белестерді бағындыру үстінде. Ғалымдарымыз 2023 жылы 26 ғылыми грантты жеңіп алды, соның арқасында Университет гранттар саны бойынша ғылыми ұйымдар арасында көшбасшы орында. Университеттің жаңалықтары мен әзірлемелері бірқатар беделді дереккөздер мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің назарын аударды. Осылайша біздің жаңалықтар биылғы жылдың ең есте қаларлық ғылыми оқиғаларының қатарына кіріп отыр. Ғылымды қаржыландыру көлемі үш миллиард теңгеге дейін ұлғайғаны жайын атап өткен жөн. Бұл университет ғалымдарының жоғары әлеуетін дәлелдейді. Биыл университетіміз жаңа PhD докторлармен толықты. Жас ғалымдар мен оқытушылар осындай жетістіктерімен қуантты.
Университет көптеген республикалық ғылыми іс-шаралардың бастамашысы және ұйымдастырушысы болды, сонымен қатар халықаралық форумдар мен конференцияларды өткізу алаңына айналды. Биыл біздің университетке Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, беделді саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері келді. Жаңа жетістіктермен біздің студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылар қуантты. Олар көптеген зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанды. Біздің спортшылар да белсенді және табысты болды. Ескі жыл тамаша жетістіктерге толы болды. Университет халықаралық әріптестік қатынастарды белсенді дамытуды жалғастырды.
Тәжірибеге бағдарланған ЖОО, индустриялық әріптестермен де ынтымақтастықты белсенді арттыруда. Өткен кезеңде бірқатар келісімшарттарға қол қойылды. Ал 2023 жылдың басты әріптестігі Италия университеттерімен және Генуя университетімен С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Италияның мәдени орталығы мен филиалын ашу туралы келісімге қол қою болды. Екінші маңызды оқиға – қытайлық Haier Нaitech компаниясының R&D орталығын ашу туралы Меморандумға қол қою болды.
2023 жылы біз материалдық базаны жетілдіру бағытында айтарлықтай ілгеріледік. Ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 430-ншы жаңартылған дәріс аудиториясы пайдалануға берілді, ғылыми зертханалар жаңартылды. Осы жетістіктердің барлығы болашақты жақсыға өзгертуге, озық зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы университет таңдаған бағыттың дұрыстығын көрсетеді. 2024 жылға аяқ баса отырып, біз өзімізге жаңа мақсаттар қоямыз, жемісті жұмыстарды жоспарлаймыз. Жаңа жылда ең алдымен денсаулық тілеймін! Мереке береке-байлық әкелсін. Барлық арман-тілектеріңіз орындалсын достар! Шаңырақтарыңызға шаттық, ынтымақ тілеймін!