22 Қаңтар 2024


АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЗИГІ ДӘРІС ОҚУДА

ЖОО-да IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің физика және технологиялар кафедрасы ұйымдастырған наножүйелер физикасы бойынша онлайн-дәрістер өтуде. Дәрістер курсы «Физика» білім беру бағдарламасының магистранттары мен докторанттарына арналған.
Курс лекторы – физика-математика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің жалпы және эксперименттік физика кафедрасының профессоры Владимир Плотников.

– Кәсіби физик болу – еңбек нарығында сұранысқа ие болу. Ол үшін тек іргелі курстарды ғана емес, сонымен қатар кәсіби құзыреттілікті қалыптастыратын арнайы курстарды да үйрену керек, – дейді профессор.

Айта кету керек, дәріс 22 ақпанға дейін жалғасады.