12 февраля 2024


ЖАС СПОРТШЫ МАҚСАТ ЕРЛАНҰЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Индияда әлемнің оннан астам елінен мықтылар қатысқан Халықаралық кикбоксинг турнирі өтті. Біріншілікте 75 келіге дейінгі салмақта ШҚУ-дың студенті Мақсат Ерланұлы қарсылас шақ келтірмей бірінші орын алды. Чемпион университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті.

Мақсаттың айтуынша, бәсекелестері өте мықты, әсіресе финалда кездескен Ирак өкілі өте тәжірибелі болған.

 – Бұл жарысқа жақсы дайындалдым. Жеке бапкерімнің айтқанын бұлжытпай орындап, жоспар құрдық. Соның арқасында ақтық сынға дейін жетіп, жеңімпаз болдым, — дейді Мақсат Ерланұлы.

Кикбоксшы бұл спорт түрімен 11 жастан бері айналысады. Болашаққа деген жоспарлары нық. Ал, әзірге жарыстан кейін біраз тынығып, қайта жүйелі дайындыққа кіріспек.