11 апреля 2024


ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ

   Семинар педагогика Жоғары мектебінің әдістемелік онкүндігі аясында өтті. Шарада «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың физикалық қасиеттерін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында бағдарлама ұсынылды.

Қатысушылар алдында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Василий Русанов құттықтау сөз сөйлеп, талқыға түскен тақырыптың маңыздылығын атап өтті. №103 Санаторийлік балабақшасының дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ангелина Нестеренко мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту ерекшеліктері туралы кеңінен талқылады.

    Сондай-ақ, мұғалім ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесімен де бөлісті. «Сауықтыру дене шынықтыру» мамандығының екінші курс студенті Ролан Кузич мектеп жасындағы балаларда дұрыс қалып пен оның қалыптасу жолдары туралы айтып берді.

Осы мамандықтың екінші курс студенті Евгения Кривошеева мектеп жасындағы балалардағы майтабандылықты түзету туралы ақпарат берді. Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылардың мәселелерін талқылау және қарау өтті. Шара соңында қатысушылар марапатталды.