12 Сәуір 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

  Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу жөніндегі саясат туралы ереже қарастылып, бекітілді, Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың KPI картасы бекітілді.

  Директорлар кеңесінің, комитеттердің, директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарманың, Корпоративтік хатшының және Ішкі аудит қызметінің қызметіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы жылдық есебі және өзге де мәселелер қарастырылды.