17 Сәуір 2024


ӨСКЕМЕН МЕКТЕБІНДЕГІ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

    Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сақтаева Альмира Әбешқызы Өскемен қаласының №45 орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

     Мектеп оқушыларына университетіміздің, кафедрамыздың білім бағдарламалары туралы толық ақпарат ұсынылып, түлектердің сұрақтарына жауаптар берілді.

    Сонымен қатар кәсіби бағдар беруші оқушыларды 2024 жылы 18 сәуірде өтетін мемлекеттік басқару бойынша аймақтық олимпиадаға шақырды.