22 Сәуір 2024


ШҚУ ӨКІЛДЕРІ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

     Облыс орталығында «Әкімшілік құқықты дамытудың қазіргі жағдайы: проблемалар мен оны шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық форум өтті. Кездесуді Шығыс Қазақстан облыстық соты ұйымдастырды. Шараға ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, еліміздің жоғары оқу орындарының, ШҚО мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты.

Қатысушылар атап өткендей, форум тәжірибелі мамандар мен ғылым өкілдері арасында қызықты пікірталас форматында жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Кездесуде бірқатар негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін және ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану жөніндегі практикалық мәселелер, осы кодекстерді пайдалану кезіндегі әдістемелік ұсынымдар және басқа да маңызды бағыттар сөз болды.